ОРАЛ, 12 наурыз. ҚазАқпарат – Орал қаласының тұрғыны «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында аса ірі көлемдегі есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 43 жастағы тұрғыннан исі ерекше ашық-қоңыр түсті сұйық зат құйылған 12 пластикалық бөтелке және тағамдық көкнәр салынған полиэтилен пакеттер табылып, тәркіленді. БҚО бойынша сот сараптамасы институтының қорытындысына сәйкес зерттелген зат салмағы 4,2555 экстракциялық апиын болып шықты.
Бұл — аса ірі көлемдегі есірткі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сондай-ақ Орал қаласында есірткі сатқан екі тұрғын ұсталды. 1980 жылғы тұрғын сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 0,79 грамм мефедрон өткізген. Тінту кезінде одан травматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді, қазіргі уақытта баллистикалық сараптама тағайындалды.
Сол секілді 1980 жылғы тағы бір тұрғын 3,31 грамм марихуананы сатқаны үшін ұсталды.
Осы екі оқиға бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.