Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерия әскері елдің солтүстігінде өткен операция кезінде 120-дан астам содырдың көзің жойды

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Абуджадан келген хабар бойынша, Нигерия қарулы күштері соңғы екі аптада елдің солтүстік аймағында экстремистік топтарды жою операциясын өткізіп, кем дегенде 121 содырды өлтіргенін бейсенбі күні мәлімдеді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

Нигерия армиясының өкілі сол күні БАҚ өкілдеріне Нигерия армиясының соңғы екі аптада «Боко Харам» мен «Ислам мемлекетінің» Батыс Африка провинциясы» экстремистік топтарын жою операциясын жүргізгенін хабарлады. Операция барысында әскерилер де үлкен көлемдегі қару-жарақ пен техниканы тәркіледі.

Құрылғанынан бастап он жылдан астам уақыт бойы «Боко Харам» Нигерия мен көршілес елдерде жиі зорлық-зомбылық лаңкестік әрекеттерін жасап келеді. 2015 жылы «Боко Харам» «Ислам мемлекеті»* экстремистік тобына адалдық танытып, атауын «Ислам мемлекетінің» Батыс Африка провинциясы» деп өзгертті. Ішкі бөлінулерге байланысты оның кейбір элементтері кейінірек «Ислам мемлекетінің» Батыс Африка провинциясынан»  бөлініп, «Боко Харам» атауына қайта оралды. Соңғы кездері Нигерияның орталық және солтүстік бөліктерінде адам ұрлау мен көптеген құрбандарға әкелетін қарулы шабуылдар жиі орын алуда.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *