НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. 2022 жылғы 10 наурызда Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысы өтті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысының және Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмаларын орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар күштері мен құралдарының терроризм қаупіне ден қою әзірлігін арттыру бойынша мәселелер қаралды.
Мемлекеттік органдардың терроризм актілерін бейтараптандыру кезіндегі іс-қимылдарын үйлесімін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленді.
Терроризмге қарсы операциялар кезінде арнаулы және құқық қорғау органдары бөлімшелерінің ден қою тәртібі айқындалды.
Отырыс нәтижелері бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, тиісті хаттамалық нұсқауға қол қойылды.