Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Ирактық Күрдістан астанасы Эрбил қаласындағы АҚШ бас консулдығы орналасқан жерге кемінде 14 зымыран атылды, деп күрдтік Rudaw телеарнасы хабарлады. Бұл  туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды.

Зымырандар бас консулдық ғимараты мен Меле Өмер ауылына құлады. Арнаның хабарлауынша, атқылаудан кейін АҚШ бастаған халықаралық коалицияның ұшақтары аумақты бақылауға алған.

Күрдстанның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Саман Берзенджидің айтуынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Эрбил провинциясының губернаторы Омед Хошнав қауіпсіздік күштерінің дайындық режиміне өткенін және жоғары дайындықта екенін айтты. «Жақын арада біз бұл лаңкестік әрекетті  кім жасағанын анықтайтын боламыз. Эрбилдегі жағдай бақылауда. «Курдистан 24» телеарнасының кеңсесіне көп шығын келтірілді, бірақ зардап шеккендер жоқ», — деді губернатор.

Reuters агенттігі аты-жөнін атамаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап, зымыранмен шабуыл   америкалық әскерлер арасында ешқандай шығынға әкелмегенің хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *