Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Буркина-Фасода содырлардың шабуылынан кемінде 13 жандарм қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Жексенбі күні Буркина-Фасоның солтүстігінде жасалған шабуылда кем дегенде 13 жандарм қаза тапты,деп France-Presse агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздерінің хабарлауынша, Тапарко шахтасының маңында жандарм тобы торуылға түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, 13 адам қаза тапты. Бірнеше жандарм әзірге хабарсыз кеткен деп саналады.

Бір аптаның ішінде Буркина-Фасоның солтүстігіндегі алтын кеніштеріге үш  шабуыл жасалды. Наурыздың 10-ы күні бұл топ Сейтенг аймағында шабуыл жасап, он адамды өлтірді.12 наурызда 30 содыр кеніш аумағына кіріп, 11 адамды өлтірді. Шабуылшылар өндіріс орнындағы құнды заттарды басып алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *