НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Ош қаласының ІІБ Сулайман-Тоо милиция бөлімшесінің қызметкерлері экстремистік материалдарды таратқаны үшін 1995 жылы туған Ош облысының тумасы Р.Ж. ұстады, деп Ош қаласының ІІБ баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы «REPORTER.KG» сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Баспасөздің мәліметінше, күдікті экстремистік және террористік сипаттағы бейнероликтерді өзінің YouTube арнасында таратқан.
Тергеу шаралары барысында оның 1992 жылы туған Р.М. ағасы мен Р.М. әпкесі Сирияда екені белгілі болды.
Аталған факті Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 332-бабы (Экстремистік материалдарды дайындау, тарату) бойынша қылмыстардың бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.