НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Диярбакырда PKK террор ұйымына бағытталған «Эрен қыс-31» операциясы басталды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатында Диярбакырда «Эрен қыс-31» операциясы (Диярбакыр-Арыклы) шейіт жандармерия сержанты Мехмет Челик операциясы басталды.
Операцияға 1 мың 130 қызметкер мен 73 операциялық топ қатысуда.
Мәлімдемеде «Елімізде террорды түбегейлі жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Эрен қыс» операциялары халқымыздың да қолдауымен, табанды түрде сәттілікпен жалғасуда» делінді.