Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИРСК Эрбилге зымырандық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Ирактың Эрбил қаласына зымырандық шабуыл үшін жауапкершілікті Ислам революциясының сақшылар корпусы өз мойнына алды, деп Иран мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Бұл туралы «Anadolu» агенттігі сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды.

ИРСК соңғы уақытта аймақта Израиль шабуылдарының артуына назар аударып, 13 наурызға қараған түні Эрбилдегі израильдық орталыққа соққы берілгенін атап көрсетті.

Бұған дейін Ирактың Күрд аймақтық әкімшілігінің терроризммен күрес бөлімі 13 наурызға қараған түні Ирактың сыртынан Эрбилге қарай 12 баллистикалық зымыран атылғанын хабарлаған.

Зымырандар бас консулдық ғимараты мен Меле Өмер ауылының маңына құлаған. Арнаның хабарлауынша, атқылаудан кейін АҚШ бастаған халықаралық коалицияның ұшақтары аумақты бақылауға алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *