НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз. Оңтүстік Африканың даму қоғамдастығы (SADC) аясында оңтүстік Африкадағы ықтимал лаңкестік әрекеттермен күресу бойынша аймақтық орталық құрылды, деп The Namibia Economist газеті жазады, деп «Красная Весна» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
SADC аймақтық терроризмге қарсы орталығын (RCTC) құруға аймақтағы лаңкестік оқиғаларының көбеюі және терроризм қауіпінің таралуы себеп болды, деп SADC сайтында көрсетілген.
RCTC ашылуы 28 ақпанда Танзания Біріккен Республикасындағы Дар-эс-Саламе қаласында өтті.Орталық осы қалада орналасады, оның міндеттеріне аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету кіреді.
«Орталық кеңейтілген үйлестіруді қамтамасыз ету, серіктестікті нығайту және аймақтағы терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизміне уақтылы әрекет ету үшін құрылған», — деді SADC атқарушы хатшысы Элиас Магози орталықтың ашылуында.
RCTC 2015 жылғы тамызда Габоронеде (Ботсвана) өткен, Аймақтық терроризмге қарсы стратегия мен оның Іс-қимыл жоспарын қабылдаған SADC 35-ші саммитінің шешімдеріне сәйкес құрылды.