НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз. Сириядағы «Евфрат қалқаны» аймағына шабуыл жасауға дайындалғаны анықталған КЖП-ның (PKK/YPG) 3 террористі залалсыздандырылды, деп Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп TRT хабарлайды.
Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде «Террорға және террористке жол бермейміз. Евфрат қалқаны аймағына шабуыл жасауға дайындалып жатқан 3 PKK/YPG-лік террорист залалсыздандырылды. Аймақтағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шаралары қабылданады» делінді.