ШЫМКЕНТ, 30 наурыз. 2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қ. ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен «С» деген азаматты ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 килограмнан артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды.
Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 млн. теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.