Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда жеті нысанды «миналау» фактісі бойынша тексеру жүргізілуде

АЛМАТЫ, 31 наурыз. Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, — деп Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды.

Алматы полиция департаментіне қалада үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және оқу орнына мина қойылды деген хабар түскен. Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері нысандарды тексеріп жатыр.

«Алматы Полиция департаменті қызметкерлері нысандардың үшеуін тексеріп үлгерді. Ақпарат расталмады. Тексерісті саперлер арнайы техникамен жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында барлық нысаннан барлық қызметкер мен келушілер эвакуацияланды», — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы халықаралық әуежайы да ақпаратты растады.

«Әуежай терминалы аумағында бомба қойылғаны туралы ақпарат түскенін растаймыз. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды», — деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *