АЛМАТЫ, 02 сәуір. Алматыда есірткі қоюшы болып жұмыс істеген 19 жастағы студент анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оны қаладағы Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері мен есірткі қылмысымен күресушілер оқиған орнында ұстады.
– Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің 3 курс студенті екі ай бойы курьер – қоюшы болып жұмыс істегендігі жедел әдіспен белгілі болды. Ол күніне орта есеппен 20-25 есірткі қойып жүрген. Жас жігіт Телеграм чатта “орындалған жұмысы туралы” баяндап, сурет пен геолокацияны көрсететін мекенжайды жіберіп отырған. Әр есірткіні қойғаны үшін жұмыс берушіден 1 мың 200 теңге алған. Есірткі сатушы Қайрат шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінің маңында жедел және арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде одан Меф 1,0*10 және Меф 0,5*15 деген жазуы бар полиэтилен бума табылды және тәркіленді, оның ішінде ашық-қоңыр түсті ұнтақ затымен 25 полиэтилен бума бар. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тергелуде, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов.