НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Буркина-Фасодағы алтын кенішіндегі лаңкестік әрекет салдарынан 20 адам қаза тапты, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мотоцикл мінген қарулы адамдар елдің солтүстігіндегі Кугдигин шағын алтын кенішіне шабуыл жасаған.
Шабуыл салдарынан 20 бейбіт тұрғын қаза тапты, жараланғандар бар.