НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Ирак армиясының сегіз қызметкері елдің солтүстігінде орналасқан Мосул қаласының маңында бір топ әскери қызметшілерге жасалған жанкешті шабуылынан зардап шекті, деп хабарлайды Stopterror.uz. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Ирак армиясының қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасаған Shafaq News ақпараттық порталының хабарлауынша, «алты сарбаз мен екі офицер, соның ішінде армия полковнигі жараланған» .
Шабуыл Мосул маңында жүргізіліп жатқан лаңкестікке қарсы арнайы операция барысында жасалған.
Шабуыл кезінде экстремист жарылғыш заты бар белбеуді іске қосқан.