НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Нигерияның Плато штатында бір фестивальде жасалған қарулы шабуылда 10 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Иригве Аймақтық жастар одағы президенті Лоуренс Зонго аймақта жаңбырлы маусымды қарсы алу үшін өткен фестиваль кезінде қарулы адамдардың шабуыл жасағанын айтты.
Зонго шабуылда 10 адамның қаза тапқанын, 19 адамның жараланғанын атап көрсетті.
Лоуренс Зонго жараланғандардың ауруханаға жеткізілгенін және аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін мәлімдеді.