Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таразда «Байтал-Антитеррор-2022» терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтеді

ТАРАЗ, 05 сәуір. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы Тараз қаласында ( Мәмбет батыр көшесі)_ «Байтал-Антитеррор-2022» антитеррористік оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр, деп Jambylinfo  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оны кесіп өту, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауда тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады.

Түрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа адамдардың және арнайы техниканың едәуір саны тартылады.

Осыған байланысты шектеу шаралары, оның ішінде жоғарыда көрсетілген көшеде де автокөлік қозғалысы бойынша қарастырылған.

Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *