Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Белгісіз біреу Ирандағы имам Реза кесенесіне келушілерге пышақпен шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Иранның Мешхед қаласындағы имам Реза кесенесіне зиярат етушілерге пышақпен қаруланған ер адам шабуыл жасады, деп ISNA агенттігі жазады.  Бұл туралы сілтеме жасап ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Шабуыл кезінде үш адамның жараланғаны, олардың біреуі алған жарақатынан қайтыс болғаны хабарланды.

Зардап шеккендердің барлығы діни оқу орындарының студенттері екені атап өтіледі. Шабуылдың себептері анықталуда.

Мешхедтегі Имам Реза кесенесі Ирандағы шиит мұсылмандары үшін зиярат етудің негізгі нысаны болып саналады. Иран тарапының мәліметінше, жыл сайын қасиетті жерге 15-20 миллион адам келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *