НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Нигерияның Кадуна штатындағы әскери базаға содырлардың шабуылы салдарынан кемінде 11 сарбаз қаза тауып, тағы 19-ы жараланды, деп жергілікті Vanguard газеті жазады, деп РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мотоцикл мінген содырлар Бирнин-Гвари аймағындағы әскери базаға шабуыл жасап, әскерилерге оқ жаудырған. Шабуылдаушылардың кейбірі граната атқышпен қаруланған. Атыс екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
«Атыс кезінде 11 адамды өлтірілді, тағы 19 сарбаз жараланды», — деді дереккөз.
Сондай-ақ содырлардың үш бронетранспортерді өртеп жібергені және зардап шеккендердің қару-жарақтарын алып кеткені атап өтілді.