Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей мен Алжир терроризмге қарсы бірлескен жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Оңтүстік әскери округі қолбасшылығы мен Алжир ұлттық халықтық армиясының өкілдері құрлықтағы күштердің Ресей-Алжир бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуының орнын, күнін, тақырыбы мен қатысушылардың санын анықтады, деп  Оңтүстік әскери округінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

 «Владикавказда Офицерлер үйінің базасында үстіміздегі жылдың қараша айында Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Хамакир полигонында өтетін Құрлық әскерлерінің Ресей-Алжир бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуына дайындық бойынша бірінші жоспарлау конференциясы өтті.Оқу-жаттығудың тақырыбы заңсыз қарулы топтарды іздеу, анықтау және жою бойынша тактикалық іс-қимылдар болмақ», — деп хабарлайды Оңтүстік әскери округінің баспасөз қызметі.

Ресей тарапынан оқу-жаттығуларға 80-ге жуық әскери қызметкерді тарту жоспарлануда.

 «2022 жылы Оңтүстік әскери округі әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарында округ әскери қызметшілерінің Алжир, Египет, Қазақстан және Пәкістан Қарулы күштерінің бөлімшелерімен халықаралық оқу — жаттығуларға қатысуы көзделген», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *