Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИЫҰ Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша қарар қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша қарар қабылдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігіне сілтесе жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды. 

Құжат Пәкістан астанасында өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) мыртқы істер министрлері кеңесінің 48-ші сессиясында қабылданды.
ИЫҰ-ның «Қазақстан Республикасымен терроризмге қарсы ынтымақтастығы туралы» №50/48-pol қарарына сәйкес, мүше мемлекеттер «Қазақстанда жақында болған бейбіт наразылықтардан кейін елдегі зорлық-зомбылыққа және кінәсіз азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өліміне әкеліп соққан террористік шабуылдарды» айыптады.
ИЫҰ мүше мемлекеттері «Қазақстанның бірлігін, егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдауға өздерінің берік бейілділігін» растады.
Сонымен бірге қаңтарда еліміздегі жағдай туралы Еуропалық парламент қабылдаған қарар ИЫҰ мүше мемлекеттердің арасында «наразылық» тудырды, өйткені қарарда баяндалған ұстанымдар «мемлекетаралық қатынастарды ілгерілетуге және дамытуға ықпал етпейді».
ИЫҰ Қазақстанмен толығымен ынтымақтасатынын растады және ұлттық қауіпсіздік пен елдің одан әрі дамуы мақсатында мемлекеттік егемендікті және заңды сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан үкіметінің шараларына қолдау білдірді.
Еске сала кетейік, Еуропарламент Қазақстандағы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қарар қабылдап, онда наразылықтар мен бұзақылық әрекеттерге қатысушыларға күш қолданумен келіспейтінін білдірді, сондай-ақ күдіктілер азапталып жатқаны туралы хабарлады. Депутаттар бірқатар қазақстандық шенеунікке қарсы санкция салуды жақтап дауыс берді.
Қазіргі уақытта ИЫҰ-ға жалпы халқы шамамен 1,7 млрд адамды құрайтын 57 мүше мемлекет мүше және БҰҰ-дан кейінгі көлемі бойынша екінші халықаралық ұйым. 5 ел мен 5 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие. Қазақстан ұйымға 1995 жылдың желтоқсанында мүше болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *