НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Ауғанстан астанасында «Талибан» қозғалысына тиесілі* көлік жарылған, деп Aamaj News агенттігі хабарлайды. Бұл туралы « Новые известия» интернет-басылымына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Жарылыс Кабулдың 10-шы ауданында болды. Көлік магниттік бомбамен жарылған. Жарылыстан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлады агенттік.
Қозғалыс өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Жарылыс үшін жауапкершілікті әлі ешбір топ өз мойнына алған жоқ.Оған дейін Кабулдағы ең үлкен мешіттердің бірінде де жарылыс болды. Түскі намаз кезінде мешітке граната лақтырылды. Алты адам зардап шекті. Күдікті қамауға алынды.* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым