НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. Жексенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Хеврон қаласында пышақпен қаруланған палестиналық әйел Израиль шекаралық полиция офицерін жаралап, жауап ретінде оққа ұшты, деп израильдік KAN радиосы хабарлады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Біраз уақыт бұрын лаңкес шекара полициясы жауынгерлері орналасқан бақылау-өткізу бекеттерінің біріне келіп, оқиға орнында болған жауынгерді пышақтап кеткен», — делінген шекара полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дәрігерлер жарақат алған жауынгердің жағдайы қауіп тұдырмайды деп бағалап отырғаны атап өтілді.
Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт жексенбі күні елдің Министрлер кабинетінің апталық отырысында 10 сәуірге қараған түні «оншақты бейбастақ палестиналықтардың» Хеврондағы Ата-бабалар үңгіріндегі «Иосифтің қабірін талқандап», «яһудилер үшін киелі жерді қиратқанын» айтты.
«Біз киелі орынға осындай зиян келтіргенге бей-жәй қарамаймыз, қорлық жасағандарды жазалаймыз», — деп қосты ол.
Кейін Израильдің әскери-саяси кабинеті Қорғаныс министрлігінің Батыс жағалауда қосымша 40 шақырым қоршау салу жобасын мақұлдағаны белгілі болды. Бұл туралы премьер-министрдің кеңсесінде айтылды.