НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір. Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған лаңкестік шабуыл салдарынан бес полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды Stopterror.uz Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дера Исмаил Хан аймағында белгісіз бір топ полиция көлігін гранатометпен атқылаған. Теракт салдарынан 5 полицей қаза тауып, 4 полицей жараланды.
Бұған жауап ретінде тәртіп сақшылары лаңкестерді ұстау бойынша ауқымды операция бастады.