НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір. Терроризммен күрес аясында Буркина-Фасоның бүкіл аумағында төтенше жағдай қайта енгізіледі, деп Буркина-Фасоның әділет министрі Барселеми Кере мәлімдеді, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Министрдің айтуынша, 24 қаңтардағы әскери төңкерістен кейін тоқтатылған төтенше жағдай бүкіл елде қайта енгізіледі.
Кере бұл қадамның «лаңкестермен тиімді күресуге» мүмкіндік беретінін атап өтті.
2015 жылдан бері көрші Малиден келген «Әл-Каида»* және ДАИШ (ИМ)* ұйымымен байланысы бар лаңкестік топтар Буркина-Фасоның солтүстік және шығыс бөліктеріне шабуыл жасауда.
Үкіметтің мәліметтері бойынша 2015 және 2021 жылдың желтоқсан айлары аралығында лаңкестік шабуылдардан Буркина-Фасоның 2000 тұрғыны, оның ішінде 600 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан.
Шабуылдар салдарынан билік 3 683 мектепті жапқан, 1 814 283 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым