НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. Дондағы Ростовтың Оңтүстік округтік әскери соты Кисловодск қаласының тумасы Людмила Баратованы Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ)* лаңкестік ұйымының қызметіне жәрдемдескені үшін жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеумен 5,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Айыпталушының тыйым салынған халықаралық «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарын кеңейтуге көмектескісі келіп, кейіннен ИМ қатарына қосылу үшін басқа адамға отбасымен бірге Түркия Республикасына кетуге көмектескені анықталды. 2014 жылдың жазында Кисловодск маңында Баратова одан әуебилеттерді сатып алуға қажетті жеке құжаттардың көшірмелерін алған, ал сол жылдың қыркүйек айында оның банктегі шотына 15 000 рубль аударылды, сол ақшаға билеттерді сатып алды. 2014 жылдың 25 қыркүйегінде сотталушы басқа тұлғамен және оның отбасымен бірге Стамбулға ұшып келген. Кейін сотталушы Ресейге оралды, ал басқа адам ИМ қатарына қосылды», — деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Баратова Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 33 бабының 5-бөлігі және 205.1 бабының 1-бөлігі («Террористік әрекетке жәрдемдесу») бойынша кінәлі деп танылып жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеумен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар Әскери апелляциялық сотқа шағымдана алады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым