НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Нигерияның Плато уәлаятында 10 сәуір күні қарулы адамдар тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 54 адам мерт болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Заңнама және сот-құқықтық мәжіліс мүшесі Яу Абубакар бұл туралы мәлімдеме жасады. Абубакар мәлімдемесінде 10 сәуірде мотоцикл мінген қарулы адамдардың Плато уәлаятына қарасты Канем аймағында оқ жаудырғанын білдірді.
Шабуылдан кейін осы таңға дейін 154 адамның мәйітінің табылғанын түсіндірген Абубакар мөлшермен 4 мың 800 адамның қорыққаннан үйлерін тастап кеткенін айтты.
Президенттік сарайдан жасалған мәлімдемеге қарағанда Нигерия президенті Мұхаммед Бухари шабуылды қатал түрде айыптап, қылмыстылардың сотқа тартылуы керектігін баяндады.