Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оқу-жаттығу барысында Қазақстан әскери қызметшілері бандалық топтар «басып алған» елді мекенді босатты

АЛМАТЫ, 15 сәуір. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңінде қалалық жағдайда жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің тактикалық тәсілдерін пысықтады, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

Елді мекендерде ұрыс жүргізудің ерекшелігі жеке құрамның даярлық деңгейінің жоғары болуын талап етеді. Осыған байланысты оқу-жаттығу барысында әскерлер қызметінің аталған бағытына ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша барлау, артиллериялық, инженерлік-саперлік бөлімшелердің және ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың есептоптарымен күшейтілген десанттық-шабуылдау батальоны құрамындағы батальондық тактикалық топ арнайы операциялар күштері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге іс-қимыл жасай отырып, бандалық топтар басып алған елдімекенді азат ету тапсырмасын орындады.

Аумақты барлағаннан кейін десантшылар армия авиациясындағы тікұшақтар тобының көмегімен шартты қарсыласты айналып өтіп, оған оқ жаудырды.

Инженерлік-саперлік бөлімшелер ғимараттарда кіретін жолды, азат етілген нысандарды минадан тазартып, негізгі күштердің алға жылжуын қамтамасыз етті.

Барлық ғимараттарды алған соң Ұлттық ұлан бөлімшелері жұмысқа кірісті: Олар елдімекенді тазартып, қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын ұйымдастырды.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңіне қатысқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің даярлық деңгейін бағалап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын қолдау жөнінде нұсқаулар берді.

«Батыл тойтарыс – 2022» ведомствоаралық стратегиялық командалық штабтық оқу-жаттығуы ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өткізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *