НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Калуга облысында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейде тыйым салынған «Хайят Тахрир аш-Шам» * халықаралық террористік ұйымының төрт мүшесін әшкерелеп, әрекеттерінің жолын кесті. Ұсталғандардың бірі ХТҰ шетел эмисарларының нұсқауымен аймақтағы әскери нысандарда лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған, деп РФ ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Күдіктілер ұсталды, соңғысының тұрғылықты жері бойынша жабдықталған жасырын жерден қолдан жасалған жарылғыш заттың бөлшектері мен компоненттері табылды. Олардан тәркіленген конспирациялық байланыс құралдарында қолдан жасалған жарылғыш зат дайындау жөніндегі нұсқаулықтар және олардың қылмыстық ниеттерін әшкерелейтін Таяу Шығыста орналасқан «ХТШ» ХТҰ мүшелерімен хат алмасулар анықталды.
Ресей ФҚҚ-нің тергеу бөлімшесі РФ Қылмыстық кодексінің 30-бабының 1-бөлігі, 205 –бабының 1 бөлігі («Террористік әрекетке дайындық») бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.
Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу амалдары жалғасуда.
* Хайят Тахрир аш-Шам (Тахрир аш-Шам, ХТШ) — Сириядағы азаматтық соғысқа қатысатын радикалды салафиттік топ. Ол 2017 жылдың 28 қаңтарында Джабхат Фатех аш-Шам (бұрынғы «ан-Нусра майданы», Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйым), Ансар ад-Дин майданы, Джейш әл-Сүнна, Лива әл-Хакк және Нұр ад-Дин әл-Зенкидің бірігуі нәтижесінде құрылды.