Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанның солтүстік-батысында жеті әскери қызметкер террорлық шабуылдың құрбаны  болды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Хайбер-Пахтунхва провинциясында (Пәкістанның солтүстік-батысы) лаңкестік әрекеттен жеті әскери қызметкер мерт болды, деген мәлімдемені  Пәкістан армиясы таратқан. . Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Пәкістан Қарулы Күштерінің ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметі (ISPR) таратқан мәлімдемесінде оқиға 14 сәуірде болды деп хабарланған. Лаңкестер Хайбер-Пахтунхва провинциясының Солтүстік Вазиристан аймағында Пәкістан-Ауған шекарасына жақын жерде әскери жасақтарына торуылдан шабуыл жасады.

Пәкістандық әскерилері лаңкестерге күшті тойтарыс беріп, олардың төртеуін залалсыздандырды. Сонымен бірге, Пәкістанның қарулы күштері кескілескен атыс нәтижесінде жеті әскери қызметкердің қаза тапқанын қосты.

Солтүстік және Оңтүстік Вазиристандағы радикалды топтар «Вазиристан Ислам мемлекеті» (ВИР) деп аталатын ұйым құруға ұмтылуда.

Вазиристан Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас «тайпалық аймағында» орналасқан. Бұл таулы аймақ сол жерде әрекет ететін «Әл-Қаида»*, «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы»*, «Өзбекстан ислам қозғалысы»*, «Техрик-и-Талибан Пәкістан» (ТТП, «Пәкістан тәлібтерінің қозғалысы») және басқа да экстремистік топтар содырларының белсендіруіне байланысты Пәкістанның ыстық нүктелерінің бірі болып саналады.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *