Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия лагерлерінен эвакуацияланған ресейлік балалар мінген ұшақ Мәскеу маңына қонды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Сирия лагерлерінен шығарылған 10 ресейлік бала мінген ұшақ Мәскеу түбіндегі Чкалов әуежайына қонды, деп РФ балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

 «Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметкерлері Рож босқындар лагерінде болған 10 ресейлік баланы отанына қайтарды. Олардың ішінде – алты ұл және төрт қыз, олардың жасы бес пен 17 жас аралығында. Балалар мінген Ресей Әуе-ғарыш күштерінің ұшағы Мәскеу түбіндегі Чкалов аэродромына қонды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ұшу кезінде балаларды дәрігерлер, психологтар және балалар омбудсменінің өкілдері алып жүргені атап өтілді.

 «Барлық балалар жолды жақсы көтерді. Ресейдің Хмеймим әскери базасында Ресей Қарулы Күштері тобының әскери қызметшілері рейс алдында оларды тамақтандырды, сонымен қатар оларға кеңсе тауарлары, кітаптар мен ойыншықтар салынған балалар рюкзактарын сыйға тартты», — делінген уәкіл аппаратында.

Аэродромнан балалар «Мәскеудегі медициналық мекемелердің біріне» жіберілді, онда олар толық медициналық тексеруден өтіп, оңалту курсынан өтеді. Кейін «олар туыстарына тапсырылып, Ханты-Мансий автономиялық округі – Юграға, Дағыстан мен Адыгея республикаларына, Түмен және Калуга облыстарына жаңа отбасыларға барады»

 «Гуманитарлық миссия жалғасуда, ресейлік балалар мен олардың туыстарын іздеу, анықтау және елге қайтару жұмыстары бір минутқа да тоқтамайды. Ресей балаларды қиыншылықта қалдырмайды, біз оларды халықаралық келісімдер мен Женева балалар құқығы туралы конвенцияны толық сақтай отырып, кез келген шекараға, азаматтыққа және қиындықтарға қарамастан құтқарамыз. Бұл Сирияға да, Донбассқа да қатысты. Балалар ата-ана махаббаты мен қамқорлығына бөленіп, бейбіт аспан астында өмір сүруі керек. Ол үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз», — деп баспасөз қызметі балалар омбудсмені Мария Львова-Белованың сөзің келтіреді.

Өңірлердегі уәкілдер балалар мен  отбасыларға барлық мәселелер бойынша, соның ішінде медициналық қамтамасыз ету, оңалту, сауықтыру, балалар білім беру ұйымдарына орналастыру, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алу бойынша көмек көрсетеді, сонымен қатар қажет болған жағдайда құқықтық қолдау көрсетеді», — деп толықтырды ведомствода.

Ақпан айында Ресейге үш пен 15 жас аралығындағы 14 бала әкелінді, оның бесеуі Дамаскідегі балалар үйінде, тағы тоғызы Евфрат өзені аймағында орналасқан босқындар лагерінен жеткізілді. Тағы 128 балаға құжаттар дайындалып, Таяу Шығыс аймағында Ресей Федерациясының азаматтары іздеуде жүрген балалардың деректер базасында 1,5 мыңға жуық іс бар екені хабарланды.

Ирак пен Сирия аумақтарында орналасқан Ресей Федерациясының кәмелетке толмаған азаматтарының мекен-жайын анықтау және елге қайтару жұмыстары 2017 жылдың жазында басталды. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда.Балаларды отанына қайтаруға жәрдемдесу үшін Балалар омбудсмені жанынан арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *