НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Кеше қарулы палестиналық Самариядағы Бейт Ел елді мекенінің дуалынан асып кетпек болған кезде ұсталды. Бейт-Эль тұрғындарының қырағылығының, қауіпсіздік қызметінің үйлестірушісі мен қауіпсіздік қызметінің қызметкерінің үйлесімді жұмысының арқасында ол оқиға орнында ұсталды, ешкім зардап шеккен жоқ, деп IsraelInfo агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Сенбі күні таңғы сағат 11-дер шамасында Бейт-Эль елді мекенінің тұрғындары ауыл қоршауының маныңда күдікті біреудің жүргенін хабарлады. Елді мекеннің күзетшілері дуалға жеткенше, палестиналық құрылыс материалдары салынған қаптардан биіктік тұрғызып үлгерген, олнымен дуалдан аттап өтпек болған.
Патруль жеткен кезде ол қашып кетпек болған, бірақ ауылдың қауіпсіздік үйлестірушісі әуеге ескерту оқ атып, күдіктіні ұстаған. Тінту кезінде палестиналықтан пышақ табылды.
Алдын ала тергеу барысында күдікті 20 жастағы палестиналық Рамалланың солтүстік-шығысындағы Силвад ауылының тұрғыны екені анықталды. ШАБАК жауап алу кезінде жас жігіт ауылдағы еврейлер мен ЦАХАЛ сарбаздарына шабуыл жасамақ болғанын мойындады.