НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Швецияның Эребру қаласында даниялық оңшыл радикал саясаткер, «Қатал курс» партиясының жетекшісі Расмус Палуданның Құранды өртеуді ұйымдастыру ниетіне байланысты жаппай наразылық өтті. Наразылықтар тәртіпсіздіктер мен полицейлермен қақтығыстарға ұласты, олардың тоғызы жарақат алды, бірнеше полиция көлігі де өртенді, деп euronews-ке сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Адамдардың зорлық-зомбылық пен вандализмге жүгініп, орынсыз әрекет етуі қайғылы. Болған оқиға өте қайғылы. Бұл қала полициясының конституцияда бекітілген құқықтарды қорғау қабілетіне әсер етті», — деді Фредрик Беккер, Эребру полициясы бастығының орынбасары.
Полицияда мұсылмандар үшін қасиетті кітапты өртеу жоспарланған митинг өткізу келісімді және ел заңдарына қайшы келмейтінін айтады.Сонымен қатар, акция жоспарланған, арасында мигранттар көп болатын орамның тұрғындары оның өтуіне кедергі жасамақшы.