Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жылдың басынан бері КЖП-ның 23 содыры қауіпсіздік күштеріне берілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір.Бөлшектеуші террор ұйымы КЖП (PKK)  мүшесі тағы бір террорист көндіру арқылы қауіпсіздік күштеріне берілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Жандармерия Бас қолбасшылығы мен Полиция Бас дирекциясы тарапынан жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-дан қашқан тағы бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Берілген террористердің өткен жылы террор ұйымына қосылғаны және Иракта әрекет еткені анықталды.

Жалғасқан көндіру жұмыстары нәтижесінде 2022 жылдың 1 қаңтар күні берілген ұйым мүшелерінің саны 23-ке жетті.

Екінші жағынан Ирактың солтүстігіндегі операцияларда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға тиесілі көп мөлшерде оқ-дәрі қолға түсті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі террор нысаналарына бағытталған операциялардың жалғасқаны атап көрсетілді.

Десанттар жалғастырған іздестіру жұмыстары кезінде бір баспанаға операция жасап, 36 мың 950 автомат оқ-дәрісі, 9 мың 680 пулемет оқ-дәрісі, 356 AP1 оқ-дәрісі, 6-лық 48 гранат атар оқ-дәрісі, 46 дочка пулеметінің оқ-дәрілері және 9 танкке қарсы зымыран табылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *