НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Малиде әскери көліктің минаға жарылуы салдарынан үш сарбаз қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп жазады Anadolu агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Мали армиясының мәліметінше, оқиға Мопти провинциясындағы Ноу Пеулх ауылына жақын жерде болған.
Әскери көлік минаға жарылып, үш әскери қызметкер қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.
Соңғы жылдары Буркина-Фасо, Мали және Нигер елдеріне «Әл-Каида»* және ДАИШ (ИМ)* террористік ұйымымен байланысы бар топтар шабуыл жасап келеді.
Малиде 2013 жылдан бері шетелдік әскери миссиялардың болуына қарамастан лаңкестік ұйымдар шабуылдарын жалғастыруда.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым