Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей ФҚҚ Қарашай-Черкесияда теракт жасамақ болған ДАИШ жақтастарын  ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Ресей ФҚҚ Қарашай-Черкесияда теракт дайындап жатқан Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық лаңкестік ұйымының үш жақтаушысын ұстады, деп ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС  агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

«Қарашай-Черкес Республикасының аумағында Федералды қауіпсіздік қызметі террористік актіні дайындаудың жолын кесті.Черкесскіде Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті»халықаралық террористік ұйымының содырларының нұсқауы бойынша билік объектілерінің біріне қатысты теракт  дайындаған Ресейдің үш азаматы ұсталды», — деп хабарлады ФҚҚ.

Террористердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жасауға арналған компоненттер, лаңкестік әрекетке ұмтылу объектісі бар схема, террористік мазмұнның едәуір мөлшері бар байланыс құралдары, террорлық құралдарын жасау жөніндегі интернет-нұсқаулықтар, сондай-ақ жоспарланған қылмыс туралы ХТҰ содырларымен хат алмасу тәркіленді.

Ұсталғандарға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30 бабының 1 бөлігі, 205.5 бабының 2 -бөлігі «Адамдар тобының құрамында террористік актіге дайындалу», 205.5 бабының 2 бөлігі «Террористік ұйымның қызметіне қатысу»  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек Черкесскіде лаңкестік әрекетті дайындағаны үшін ұсталған «Ислам мемлекетінің» үш жақтаушысын сот қамауға алғаны белгілі болды.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *