НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Колумбияның әскерилері мен полицейлері «Шығанақ қауымы» есірткі тобы жетекшілерінің бірі, Қарғалған Патрик лақап атымен танымал Фаусто Паласиосты ұстады, деп елдің қорғаныс министрі Диего Молано мәлімдеді, деп РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Шығанақ қауымының» жетекшісі Қарғалған Патрик ұсталды. Ол Сукрадағы ең іздестірілген қылмыскерлердің бірі», — деп жазды Молано Twitter парақшасында.
Колумбия Әскери-теңіз күштерінің мәліметі бойынша, Паласиос «Шығанақ қауымына» 2012 жылы қосылды. 2016 жылы ол «Мануэль Хосе Гайтан» қауымының кіші құрылымындағы Сантьяго-де-Толу муниципалитетіне жіберілді, ал 2021 жылы осы құрылымның қарулы қанатының басшысы болып тағайындалды. Ол туралы мәлімет үшін 25 миллион колумбиялық песо (6,6 мың АҚШ доллары) сыйақы тағайындалған.
«Шығанақ қауымы» тобы осы уақытқа дейін бір жарым мыңға жуық бандиттерді біріктірген, Даиро Антонио Усуганың (Отониэль деп те белгілі) басшылығындағы олардың негізгі бөлігі оңшыл көзқарасты демобилизацияланған әскерилерден тұрады. Усуга Колумбияда бес жыл ішінде ең көп іздеуде жүрген қылмыскер болды , ол 23 қазанда елдің солтүстік-батысында Антиокия департаментінде жүргізілген әскери операция нәтижесінде ұсталды.