НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Хама провинциясының Саламия қаласының шығысындағы Ас-Саан ауылы маңында ДАИШ (ИМ)* лаңкестері қалдырған минаның жарылуы салдарынан бір бала қаза тапты, деп Полиция басқармасындағы дереккөз хабарлады, деп SANA агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Саламия қаласының шығысындағы Абу-Лиффа ауылында минаға жеңіл көлік жарылған. Жүргізуші қайтыс болды, ауруханаға жеткізілген жаралылар да бар, олардың саны айтылмайды.
Минаны Хама провинциясының шығысында шабуылдарын күшейткен «Ислам мемлекеті»* тобының лаңкестері қойғаны анықталды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым