НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір.Сомалидегі бомбалы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 7 адамның қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша шабуыл бас қала Могадишоның Банадир ауданында әскери көлік өтіп бара жатқан кезде жасалды.
Жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 7 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті.
Әлеуметтік желідегі суреттерден жарылыс кезінде аймақтағы кейбір дүкендерге де зақым келгені байқалады.
Шабуылдың жауапкершілігін террор ұйымы аш-Шабабтың мойындағаны білдірілді.