НҰР-СҰЛТАН, 03 мамыр. Жақында Чад көлі аймағында көпұлтты бірлескен жедел тобының жүргізген операциясының барысында «Боко Харам» экстремистік тобының кем дегенде 22 содыры өлтірілді, деп көпұлтты бірлескен жедел тобының ресми өкілі Камарудин Адегоке мәлімдеді.Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Оның айтуынша, аймақтық бірлескен жедел топ тазарту операциясы кезінде Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы Тумбун-Раго қаласына жақын жерде «Боко Харамның» бірнеше бекінісіне шабуыл жасады.
«Боко Харам» лаңкестерінің күшті қарсылығына қарамастан , құрлықтағы күштер бірнеше кедергілерді еңсеріп, миналанған жолдарды тазартты», — деді К.Адегоке.
Операция барысындағы келтірілген шығынды бағалау кем дегенде 20 содырдың өлтірілгенін көрсетті, деді К.Адегоке. «Боко Харамның» қашып кеткен екі тылдағы содыр осы кезекті патруль кезінде өлтірілгенін қоса айтты.
Оның айтуынша, көпұлтты бірлескен жедел тобының бірлескен құрлық және десанттық операциялары экстремистерге қатты қысым көрсетіп, оларды «қозғалыс және әрекет бостандығынан» айырды.