НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.Ирактың Киркук қаласының Сергаран қалашығы маңында екі күн бұрын террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы операция басталған еді. Операцияда 9 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Ирак үкіметінің мәлімдемесіне қарағанда Ирак армиясы тарапынан Сергаран қалашығы маңында 9 мамырда террор ұйымына қарсы бастаған операцияның жалғасқаны білдірілді.
Мәлімдемеде террористтер тығылған бір үңгірдің жойылғаны және үңгірде болған 9 террористтің залалсыздандырылғаны баяндалды.
ДАИШ 2014 жылы маусымда Ирактың Мосул, Салахаддин және Енбар уәлаятының барлығын, Диала және Киркук уәлаятының бір бөлімін басып алған еді. Аталмыш аймақтар операциялар арқылы енді құтқарылды.