НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Лос-Анджелесте белгісіз біреу Skid Row саяжайларының маңында орналасқан Орталық базарға келушілерге оқ жаудырды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті CBS хабарлауынша, бір адам зардап шекті. Әзірге күдікті туралы мәлімет жоқ, оның ақ нәсілді адам екені ғана белгілі. Ол қылмыс жасаған жерден бой тасалаған. Айта кетейік, АҚШ-та бір тәулікте екінші рет қарулы шабуыл болды.
Бұған дейін Буффало қаласында тағы бір күдікті супермаркетте он адамды атып өлтірген болатын. Оның әрекеті нәсілдік экстремизм актісі ретінде танылды.