Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нью-Йоркте қару-жарақ айналымын бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул келесі аптада тиісті заңдар пакетін ұсынуға уәде берді.Бұл бастама 14 мамырда Буффало қаласында болған атыстан кейін айтылды, деп iz.ru сайты жазады.Бұл туралы Zakon.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

 «Мұны тоқтату керек. Сейсенбіде біз қолданыстағы заңнамадағы қалған олқылықтарды жою үшін қару – жарақ айналымына қарсы заңдардың толық пакетін жариялауды жоспарлап отырмыз», — деп басылым Хокулдың сөзін келтіреді.

Губернатор штат әкімшілігі тәртіп сақшыларын барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ететініне уәде берді.

Айта кетейік, Буффалодағы атысты 18 жастағы америкалық бастаған. Салдарынан 10 адам қаза тапты. Тергеушілер жігіт нәсілдік өшпенділігін осылай білдірген деп есептейді. Шабуылдың алдында атқыш 100 беттен астам онлайн манифест жариялады, онда ол өзін «ақ нәсілдің үстемдігін жақтаушы, нәсілшіл, антисемит», сонымен қатар, 2019 жылы 15 наурызда австралиялық мешіттерде атыс ашқан, салдарынан  51 адам қаза тауып, 40 мұсылман жарақат алған, Брентон Тарранттың жанкүйері деп атады.

Оқ атқан адам өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *