НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Кеше кешке елдің оңтүстігіндегі Кисмайо қаласындағы тұрғын үй кешенінде минаның жарылуы салдарынан кем дегенде үш адам, соның ішінде Сомали ұлттық армиясының жоғары шенді қолбасшысы қаза тауып, тағы үш адам жараланды, деп әскери шенеунікке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Джубаленд штатындағы Сомали ұлттық армиясының қолбасшысы Аддоу Мохамед Сахал мәлімдемесінде армия қолбасшысының орынбасары Исмаэл Шейх Исактың үйіне қойылған мина жарылғаны, оны және оның екі немересінің қаза тапқаны айтылған.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта біріккен күштер оқиғаның мән-жайын анықтауда, осы жан түршігерлік қылмысты жасаған кінәлілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін Джубаланд штатының қауіпсіздік күштерінің «Аш-Шабаб» содырларына қарсы операциясы кезінде кешегі кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп қосты А.М.Сахал.
Сомали астанасы Могадишода президенттік сайлау басталардан бірнеше сағат бұрын орын алған оқиға үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алған жоқ.