ҚАРАҒАНДЫ, 21 мамыр. Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында және Қарағанды облысының Ұлытау, Жаңаарқа, Жезқазған аудандарында терроризмге қарсы операция (ТҚО)жүргізу кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау мақсатында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың құрамына кіретін органдар жедел-тактикалық оқу-жаттығулар (ЖТО) өткізді, деп хабарлады ҚР ТҚО сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Тәжірибелік оқу-жаттығуларға 1500-ге жуық адам (прокуратура, әкімдік өкілдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, медицина және бірқатар әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері) және 100-ге жуық арнайы және автомобильдік жабдықтар тартылған.
Берілген тапсырмалар ұрысқа жақын жағдайларда орындалды.
Жедел-тактикалық оқу-жаттығуларда терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық және қалалық жедел штабтар террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қоюдың жетілдірілген тәсілдерін пысықтады, жедел штабтардың қызметін өрістету тетіктерін және террористік тұрғыдан осал әртүрлі объектілерде терроризм актісінің салдарларын оқшаулауда, барынша азайтуда және жоюда бөлімшелер мен қызметтердің әзірлігін шыңдауға дейін жеткізді.
Штабтардың жедел топтарының басшылары мен мүшелері ТҚО барысында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды қамтамасыз етті.
Оқиғалардың болжаусыз дамуын қамтитын оқу тапсырмалары сәтті шешілді.
Жедел-тактикалық оқу-жаттығулар барысында топ жетекшілері лаңкестік актісі кезінде қажетті іс-қимылдардың орындалу деңгейін, бекітілген күштер мен құралдардың және жеке құрамның уақтылы шешім қабылдауын және жұмысын жедел ұйымдастыру деңгейін нақты көрсетті, ал террористік тұрғыдан объектілер қызметкерлері лаңкестік қауіп төнген кездегі алғашқы әрекеттер туралы білім алды.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың жұмысына тиісті түзетулер енгізіліп, кемшіліктер орнында жойылды.
Оқу іс-шараларын ағымдағы жыл бойы және облыстың басқа аймақтарында өткізу жоспарлануда.