Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Республиканың бірқатар облыстарында лаңкестік қауіп-қатер кезіндегі әрекет ету жасақтарының іс-әрекеті бойынша сабақтар өткізілді

АЛМАТЫ, 22 мамыр. Осы аптада еліміздің бірқатар өңірлерінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб құрамына кіретін жедел топтармен лаңкестік қауіптер туындаған кездегі әрекет ету топтарының іс-қимылдары бойынша оқу-жаттығулар өтті, деп ҚР ТҚО сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Алматыда іс-шараға 80-ге жуық ПД жол-патрульдік қызметі (ЖПҚ), ТЖД құтқару жұмыстары қызметі, Апаттар медицинасы орталығы, ҚазАвиаҚұтқару, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысты.

Сабақтың мақсаты: Бастапқы әрекет ету күштерінің теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру.

Қатысушыларға «жедел топтарды құру қағидаларының, олардың терроризмге қарсы операцияны дайындау және өткізу барысындағы іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тізбесінің» талаптары жеткізілді, террористік қауіп кезінде жедел топтардың ден қою, терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығулардағы, жаттығулар мен эксперименттердегі іс-қимылдар мәселелері қарастырылды.

Қоршау, бұғаттау және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар топтарына терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және терроризм актісі туралы сигнал алған кездегі бастапқы іс-қимылдар алгоритмі түсіндірілді.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың функционалдық міндеттері мен нақты жағдай туындаған кездегі практикалық әрекеттерін қамтитын білімдерін тексерді.

Өткізілген сабақтардың талдауы мұндай іс-шаралар терроризм актінің ықтимал қауіптері мен салдарын барынша азайту (жою) бойынша әрекет етудің бастапқы күштерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға айтарлықтай ықпал ететінін көрсетті.

Жалпы 230-ға жуық адамның қатысуымен осындай сабақтар Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *