НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр. Буркина-Фасоның Компиенга уәлаятында куәлігі белгісіз адамдар бейбіт тұрғындарды нысанаға алды. Шабуылда 50 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Компиенга әкімі Хурбет Ямеого куәлігі белгісіз адамдардың 25 мамырда Компиенга уәлаятының Маджоари өңірінде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын білдірді.
Шабуылда 50 адамның қаза тапқанын баяндаған Ямеого қайтыс болғандардың отбастары мен туыс-туғандарына көңіл айтты.
Осы өңірде 14 мамырда да террор ұйымы «Боко Харам» мүшелерінің шабуылында 14 адам көз жұмған еді.