Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысының тұрғынынан қару мен тыйым салынған діни әдебиет тәркіленді

АТЫРАУ, 30 мамыр. Атырау облысында деструктивті діни ағымдар өкілінен елімізде тыйым салынған тапаншалар мен кітаптар тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы күрес департаменті мен Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың 1993 жылы туған өкілін анықтады. Оның тұрғылықты жерінен тінту кезінде МР-79 маркалы 9 мм травматикалық тапанша, оған арналған патрондар (14 дана), Қазақстанда таратуға тыйым салынған ақпараты бар флеш-карталар (бес дана) және 17 дана діни кітаптар табылып, тәркіленді,» — деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметінде.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған факті бойынша Атырау қаласының №2 қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. – ред.)287-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады,» — деп қосты Атырау облысы ПД баспасөз қызметінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *