НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр. Арнайы операция нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізудің арнасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Жедел сатып алу” кезінде есірткі сатқаны үшін елорданың 40 жастағы тұрғыны ұсталды, оны жеке тінту барысында жалпы салмағы бір келіге жуық “гашиш” тәркіленді.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы ПД кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып тінту барысында ағаш ұстасының цехына қосалқы салынған үйден сатуға дайындалған “гашиш” есірткі заты бар екі полимерлік пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 14 келіні құрады.
“Есірткі сатушыларды ұстау бойынша өткізілген арнайы операция қызметтердің бірлескен үйлесімді жұмысының арқасында, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өтті”, – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Акбаров.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа күдіктілер анықталуда.
Егер сізге есірткі және психобелсенді заттарды сақтау, өткізу фактілері, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар белгілі болса, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына күндізгі уақытта 71-63-93, тәулік бойы 32-22-22 немесе 102 нөміріне хабарлай аласыз.