НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым. Көлік полицейлері Сахалинге келіп есірткі сатпақ болған Приморье өлкесінің тұрғынын ұстады, деп хабарлады сейсенбіде Ресей ІІМ Қиыр Шығыс федералды округі бойынша көлік департаментінің баспасөз қызметі. Ол көрсеткен құпия жерден 3 келіге жуық синтетикалық есірткі заты — мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Оңтүстік-Сахалинде есірткі сату үшін келген бұрын сотты болмаған Приморск өлкесінің 37 жастағы тұрғыны ұсталды.Ол көлік компанияларының бірінде есірткіні алу кезінде жол полициясы қызметкерлерінің қолына түсті. Алдын ала тергеу барысында ұсталған азамат Ресей ІІМ көліктегі Сахалин желілік бөлімшесінің тергеушілеріне Приморск өлкесінің Николаевка ауылындағы өзінің туысының жеке шаруашылығының аумағында тыйым салынған заттарды сақтау үшін құпия орынды жасағанын хабарлады», -делінген хабарламада.
Көрсетілген мекенжайда жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 3 келіге жуық мефедрон тәркіленді. Ол әрі қарай сатуға дайын буып-түйілген. Тәртіп сақшылары Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30 бабының 3-бөлігі(«Оқталу»), 228.1 бабының 4 және 5 бөліктері («Есірткі заттарды аса ірі көлемде сату») бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айыпталушы қамауға алынды. Қылмыстық баптың ең жоғары санкциясы 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.